Владимир Крамник шахматтан әлем кубогының жеңімпазы атанды

Ресейлік Владимир Крамник пен Дмитрий Андрейкин Норвегияда өткен Әлем кубогы-2013 матчының қорытынды партиясында ойнап тең түсті.


           Бұл В.Крамникке 2,5:1,5 есебімен ақтық жеңіс әкелді.
           Бұған дейін Әлем кубогының жеңімпазы Вишванатан Ананд (2000 және 2002 жылдар), Левон Аронян (2005), Гата Камский (2007), Борис Гельфанд (2009), Петр Свидлер (2011) атанған.
           2013 жылғы әлем кубогының екі финалисті келесі жылдың үміткерлер турниріне қатысады.