Владимир Путин 8 мамырда РФ үкіметін басқарады

"Мен "Единая Россия" мен өзге де партиялар қолдаған және Конституцияда көзделген мерзімде РФ үкіметін басқару туралы Дмитрий Медведевтің ұсынысын қабыл алдым", - деп мәлімдеді В. Путин.

В. Путиннің премьерлік кандидатурасы ресми түрде елдің сайланған президенті Дмитрий Медведевтің ұлықтау рәсімі өтетін 7 мамырда енгізіледі деп күтіліп отыр. РФ Мемлекеттік думасы оны үкімет басшысы етіп 8 мамыр күні кезектен тыс отырысында бекітуді көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, В. Путин президент сайлауы болардан бұрын РФ премьер-министрі болуға келісімін берген. Бұл "Единая Россия" саяси партиясының съезінде болған-ды. Онда сонымен бірге РФ президенті орынтағына ресми түрде вице-премьер Дмитрий Медведевтің кандидатурасы ұсынылған болатын. Сол съезде Владимир Путин егер Дмитрий Медведев президенттікке сайлана қалған жағдайда үкіметті басқаруға дайын екенін мәлімдеген еді.