Владимир Путин РФ президенттігіне үміткер ретінде ұсынған Дмитрий Медведевтің кандидатурасын қолдады

«Біртұтас Ресей», «Әділетті Ресей», «Аграрлық партия» және «Азаматтық күш» партиялары кездесу барысында Ресей Федерациясының президенттігіне кандидат ретінде бірінші вице-премьер Дмитрий Медведевті ұсынды және де бұл ұсынысты президент Владимир Путин қолдады.

«Біз Сізге өзіміз әркез қолдайтын кандидатты ұсынғымыз келді. Бұл үкімет төрағасының бірінші орынбасары Медведев Дмитирий Анатолбевичтің кандидатурасы»,- деді Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге қарап сөйлеген сөзінде біртұтас ресейліктердің жетекшісі Борис Грызлов төрт партия жетекшілерінің атынан. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин өз кезегінде: «Дмитрий Анатольевич Медведевтің кандидатурасына тоқталатын болсақ, мен онымен 17 жылдан бері өте жақын таныспын және де мен бұл кандидатураны толық қолдаймын», деп атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті