Caravan Logo

Владислав Челах алқа билер сотынан бас тартты

Владислав Челах алқа билер сотынан бас тартты

«Ол (Челах-ИФ-Қ) барлық өтініштерді мақұлдады. Челах алқа билер сотынан бас тартты», - деп дүйсенбі күні Талдықорған гарнизонының әскери сотында өткен алдын-ала тыңдаулардан кейін журналистерге оның адвокаты Серік Сәрсенов мәлім етті.

С.Сәрсенов атап өткендей, В.Челах сондай-ақ қылмыстық істердің құпия үш томын қарау үшін мемлекеттік құпияларға қолы жетімді қорғаушыларының бірі Асқар Мұхамедсадықовтан да бас тартыпты.
Сот бірінші сот отырысының орны мен күнін келісу үшін ақылдасушы бөлмеге шықты.