шекарашы Владислав Челахтың арызын 4-ақпан күні қарайды, деді оның қорғаушысы Серік Сәрсенов.
"Алдында мен істі сот қадағалау тәртібінде қайта қарау туралы арыз берген болатынмын, онда менің арызым қабылданбады. Енді ол өзінің атынан арыз берді. Жауап келді, онда көрсетілгендей, 4-ақпан күні Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының отырысы өтпек, сонда оған қатысты заң күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы оның арызы қаралмақ, деді ол.
Алдында В.Челах Қазақстан президентінен рақымшылық көрсетуді өтінген болатын. Алайда рақымшылық жасау жөніндегі комиссия оның өтінішін қабыл алмады.