"Внимание жетіспей жатқан шығар": Әншілер шаштарын алып, челлендж жасады

Бұл туралы  Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Карантин уақытында үйлерінен шықпай жатқан өнер жұлдыздары инстаграм желісінде бірінен соң бірі түрлі челлендждер ұйымдастырып, оған қатысуда.

Өткен аптада әншілер қауымы дәрігерлер, полицейлер мен барша отандастарына қолдау білдіре ән шырқаса, бұл жолы өз образын өзгертуге көшкен.

Бірқатар шоу-бизнес өкілдері басын тақырлатып тастап, эстафетасын өзге өнерлі әріптестеріне жолдаған. Карантинда шашын алып тастаған әртістер қатарында Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев, Ерғали Әбдірайымов және тағы да басқалар бар.

"Карантинде отбасылық шығынның бір шетін қысқарттым...)
-Шампунь,
-фен (тоқ жейді ғой),
-гель,
-лак және айына екі рет шаштараз.
Есептесек айына 10000 тг шығын екен. Өз тарапымнан үнемдеуге қосқан үлесім", деп жазды Бағлан Әбдірайымов. 

"Шаштарын емес, бастарын кесіп тастаса да бәрібір", "Ұлықпан Жолдасов та алды ма?", "Бас алатын челлендждер жоқ па? Біраз даусы жоқ әншілерден құтылатын", "Әншілерге внимание жетіспей жатқан шығар", деген сынды оқырмандар түрлі пікірлер жазды. 


Кеше Мейрамбек Беспаев ат үстінде түскен челленджді бастады. "Әр қазақ жігітінде мұндай сурет болмау мүмкін емес" дейді әнші.