Бұл туралы РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин мәлім етті.
«Қар тазартатын көлік жүргізушісінің арнайы техниканы мас күйінде тізгіндегені белгілі болды», - деді В.Маркин.
Апат салдарынан төрт адам көз жұмды. «Апат кезінде экипаждың үш мүшесі мен француздың Total компаниясы басшысы Кристоф де Маржери қаза тапты», - деді В.Маркин.
Оның айтуынша, түнгі сағат он екі шамасында «Внуково-3» әуежайынан «Мәскеу-Париж» бағытына аттанбақ болған төрт орындық «Фалькон-300» ұшағы жерден бауырын көтере бере арнайы техникаға соғылған. Ұшақ өртеніп, ұшу-қону алаңына құлады.