Волейбол: әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 5-турының соңғы ойындары өтуде

Онда алматылықтар Павлолар облысының «Ертіс-Қазхром», теміртаулықтар («Металлург АМТ») астаналықтармен, өскемендіктер («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») Алматы облысының «Жетісу» командасымен күш сынасуда.

Алғашқы 6 кездесудің қорытындысы бойынша, «Жетісу» мен «Астана» - 12, «Қарағанды» (Қарағанды облысы) мен «Ертіс-Қазхром» - 8, «Алматы» - 7, «Металлург АМТ» - 3, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» - 1 ұпай жинады. Соның нәтижесінде командалар турнир кестесіндегі орнын өзгерткен жоқ. Қазір алғашқы үштікте «Жетісу» (66 ұпай), «Астана» (51 ұпай), «Ертіс-Қазхром» (39 ұпай) келе жатыр. Одан кейінігі орындарға «Қарағанды» (28 ұпай), «Алматы» (20 ұпай), «Метауллург АМТ» (16 ұпай) мен «Шығыс-Қорғасын Құрылыс» (7 ұпай) сәйкесінше орналасты.