Геннадий Паршиннің шәкірттері Тайланд құрамасынан 3:2 (25-13, 18-25, 22-25, 25-20, 15-12) есебімен басым түсті. Бұған дейін олар алғашқы кездесуде дәл осындай есеппен Пәкістан құрамасына есе жіберген еді. Енді олар бүгін «С» тобындағы ақтық ойынын өткен жылы Азия чемпионы болған Жапония волейболшыларымен өткізеді. Жапондықтар бұған дейін тайландтықтарды 3:0, пәкістандықтарды 3:2 есебімен ұтқан болатын.