Волейбол: Оралда хромтаулықтар жақсы өнер көрсетуде

Кеше ел чемпионы «Алматы» Хромтаудың «ТНК Қазхром» командасынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Мұның алдында хромтаулықтар дәл осындай есеппен Оралдың «Конденсатын» ұтқан болатын. Кеше осындай есеппен алаң иелері Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылыс» командасын тізе бүктірсе, «Атырау» Петропавлдың «Есілінен» 3:0 есебімен басым түсті.

Бүгін хромтаулықтар атыраулықтармен күш сынасса, «Шығыс» «Алматымен», «Есіл» «Конденсатпен» алаңға шығады.