Волейбол: Оралдың «Грация KZ» командасы бұрынғысынша үшінші орында келеді

Екінші турда Көлеңке Ғұбашевтің шәкірттері «Жетісу-2» (Талдықорған) және «ЦСКА-ВКС» (Алматы) командасын 3:0 есебімен ұтса, «Қостанайдан» осындай есеппен ұтылып қалды. Сондай-ақ «Алматиночка», «Казхром» (Павлодар облысы) командаларымен тартысты ойында 2:3 есебімен есе жіберді.

Қос турдан кейін қостанайлықтар 33 ұпаймен көш бастаса, Теміртаудың «Спартак АМТ» командасы 30 ұпаймен екінші орында тұр. Үшінші сатыдағы оралдықтардың қоржынында 23 ұпай бар.