Онда алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша 1-6-шы орынды сарапқа салып жатқандар арасында жарыс иелері "Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы" мен Қостанайдың "Иволгасы" жеңіліссіз келе жатыр. Ал 7-10 орынға таласып жатқандар арасында астаналықтар ("Астана-2") ғана жоғары нәтижеге қол жеткізе алды. Жалпы бұған дейінгі 4 турда өскемендіктер -66 , теміртаулықтар ( "Спартак АМТ") - 52, қостанайлықтар - 49, оралдықтар ("Грация") - 41, алматылықтар ("Алматы-ЦСКА") - 38, "Қарағанды-2" (Қарағанды облысының) - 23, астаналықтар - 38, павлодарлықтар ("Қазхром") - 31, шымкенттіктер ( "Қазығұрт") - 7, "Жетісу-2"( Алматы облысының) - 6 ұпай жинаған болатын.