Алғашқы кездесуде Шымкенттің «ЮКГУ-Қазығұрты» мен Астананың «Ұшқын-Искрасы» алғашқы 2 ұпайға қол жеткізді. Олар Атыраудың «Атырау-2» мен Алматының «ЦСКА-Алматысын» 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал Оралдың «Жайық-Конденсаты» мен Алматының «ҚазҰАУ», Павлодардың «Ертіс АО АҚ» мен «Қызылжардың «Есіл-Викториясы» арасындағы ойындар 3:1 есебімен аяқталды. Онда жеңімпаздар бір-бір ұпайдан иеленді. Бүгін енді «ҚазҰАУ» мен «Ұшқын-Искра», «ЦСКА-Алматы» мен «Ертіс АО АҚ», «ЮКГУ-Қазығұрт» пен «Жайық-Конденсат», «Атырау-2» мен «Есіл-Виктория» өзара күш сынасады. Жалпы бұған дейінгі 2 турда щымкенттіктер 36 ұпай, оралдықтар мен астаналықтар - 30, ал павлодарлықтар 27 ұпай жинап өзге 4 командадан қара үзіп кеткен болатын.