Осымен оныншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан, Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан және Сырдария, Жаңақорған аудандарынан 8 команда сынға түсті.
2 күнге созылған жарыстың финалында жергілікті облыстық сот командасы «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ» командасын 3:0 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Тараздың «Тараз-ТАРМУ» командасы үшінші орынды иеленсе, оңтүстікқазақстандық «Қарабұлақ» командасы төртінші орынды қанағат тұтты.
Турнирдің үздіктері:
Үздік ойыншы - Ғалымжан Әбілдаев (Тараз-ТАРМУ)
Ең жас дарынды ойыншы - Сәбит Әбдібек (Қорқыт Ата ҚМУ)
Үздік шабуылшы - Абзал Жақапбаев (Қорқыт Ата ҚМУ)
Үздік қорғаушы - Әлішер Әлжан (Жаңақорған ауданы)
Үздік үйлестіруші - Әлімжан Абдраймов (Қарабұлақ)
Үздік либеро - Нұрлан Абатов (Облыстық сот)
Үздік жаттықтырушы - Ғани Өскенәлиев (Тараз)
Әділ төреші - Ғалым Әбдірейімов (Жаңақорған ауданы)
Турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған командаларға диплом, медаль, естелік сыйлықтар табыс етілді.