Олар алғашқы күні «Есілді» ұтса, одан кейін ел чемпионы «Алматыны» тізе бүктірді. Кеше алаң иелері «Конденсаттан» 3:1 есебімен басым түсті. Кеше сондай-ақ «Алматы» Өскеменнің «Шығысын» дәл осындай есеппен ұтты. Бұл күні аса тартысты ойын «Атырау» мен «Есілдің» арасында болды. 2:1 есебімен алға шыққан петропавлдықтардың төртінші партияда жеңетіндей толық мүмкіндігі болды, алайда соны пайдалана алмады. Ақыры есеп 3:2 болып, жеңіс атыраулықтардың еншісінде кетті.
10 ақпан күні командалар демалады.
11-12 ақпан күндері ойындар қайта жалғасып, төртінші тур мәреге жетеді.