Волейбол: Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 3-туры аяқталды


Онда ұпай қорын 54-ке дейін жеткізген Алматы облысының «Жетісу» командасы турнир кестесіндегі көшбасшылық тізгінді өз қолына берік ұстауда. Ал өз алаңында Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром» командасын қуып жетіп, басып озған «Астана» волейболшылары 39-ұпаймен екінші орынға шықты. Олардың ұпай айырмашылығы 7 ұпайды құрауда. Ал өзге командалардың қоржынында Қарағанды облысының («Қарағанды») волейболшыларында - 25, алматылықтарда («Алматы») -20, теміртаулықтарда («МеталлургАМТ») -13, өскемендіктерде («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») - 6 ұпай бар. Ел чемпионатының 4-турын енді павлодарлықтар 20-27 ақпанда өз алаңында қабылдайды.