Волейбол: Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 3-турын алматылықтар сәтті бастады


Онда турнир кестесінде көш бастап келе жатқан «Алматы» мен «ТНК «Қазхром» (Хромтау) командалары мүмкін болған 3 ұпайға қол жеткізді. Ал үздік үштікті түйіндеп тұрған алаң қожайындары («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») өздерін өкшелеп келе жатқан атыраулықтарға 2:3 есебімен есе жіберді. Соның нәтижесінде ұпай қорын алматылықтар мен хромтаулықтар өз қоржынына - 3, атыраулықтар -2, өскемендіктер 1 ұпайға ұлғайта алды. Қазір турнир кестесінде көш соңында келе жатқан қызылжарлықтардың («Есіл») - 10, оралдықтардың («Конденсат») 3 ұпайы ғана бар. Ал «Алматы» - 31, «ТНК» Қазхром» - 24, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» - 17, «Атырау» 14 ұпай жинады.