Алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша олар негізгі қарсыластарын ұтып, турнир кестесінде көшбасшылық тізгінді биыл ешкімге бермейтінін тағы да дәлелдеді. Бұған дейінгі турларда «Жетісу» - 39, «Ертіс-Қазхром» мен «Қарағанды» -33, «Астана» - 29, «Алматы» -25, ал «Металлург АМТ» - 21 ұпай жинаған еді. Бұл турда жетісулықтармен болған ойында оларды өкшелеп келе жатқан Павлодар, Қарағанды облыстарының командасы бірде-бір ұпай ала алмады. Бүгін командалар тынығып, ертің жарысты одан ары жалғастырады. Онда «Металлург АМТ» мен «Алматы», «Ертіс-Қазхром» мен «Қарағанды», «Жетісу» мен «Астана», ал арғы күні «Алматы» мен «Жетісу», - «Қарағанды» мен «Металлург АМТ», «Астана» мен «Ертіс-Қазхром» сынға түседі.