5 наурызда жалауы көтерілген бұл жарыста 6 команда бақ сынауда. Онда 4 күннің қорытындысы бойынша Алматы облысының «Жетісу» командасы ғана барлық кездесуді өз пайдасына шеше алды. Олар теміртаудың «Металлург АМТ» волейболшыларын 3:0, ал «Астана», «Қарағанды», «Ертіс- Қазхром» (Павлодар) командаларын 3:2 есебімен тізе бүктірді. «Жетісулықтар» бұл жолы да турнир кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қала алды.
Олар ақпанның 8-13 күндері Павлодарда өткен 3-турда ұпай қорын 29-ға дейін жеткізген еді. Онда үздік үштікті түйіндеген Қарағанды облысының волейболшылары - 24, Павлодардың «Ертіс-Қазхромы» 23 ұпай жинаған болатын.