Волейбол: жетісулықтар мен астаналықтар ғана жеңіліссіз келе жатыр

Алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша қазір Астана қаласының волейболшылары көш бастап келе жатыр. Олар Өскемен («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс), Алматы («Алматы») және Теміртау («Металлург АМТ») қалаларының командаларын 3:0 есебмен ойсырата ұтты. Жетісулықтар Қарағанды («Қарағанды») мен Орал («Грация-KZ») қалаларының волейболшыларынан 3:0, ал Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромынан» 3:2 есебімен басым түсті. Бүгін енді «Астана» мен «Жетісудің» сайысынан бөлек, Өскемен мен Теміртау, Орал мен Алматы, Павлодар мен Қарағанды командаларының да ойыны өтеді. Ал ертең олар бір күн тынығып, 8-11 қазанда жарысты қайта жалғастыратын болады.