5-турдың екінші кездесулері бүгін Алматы мен Қызылжар, Атырау мен Павлодар және тағы бір алматылық "ҚазҰАУ" мен Астана, Шымкент пен Орал қалаларының волейболшылары арасында өтпек. Бірінші кездесуде "Ұшқын-Искра" мен "Атырау-2", "ОҚМУ-Қазығұрт" пен "ЦСКА-Алматы" арасындағы ойын 3:0,"Ертіс -АО АҚ" мен "Есіл-Виктория" сайысы 3:2, ал "Жайық-Конденсат" пен "ҚазҰАУ" арасындағы сын 3:1 есебімен аяқталған болатын.