Волейбол: Жоғары лиганың Б тобындағы ерлер командаларының ақтық турына астаналықтар қатыса алмады


Наурыздың 15-21 күндері Теміртауда өткен 4-турдың қорытындысы бойынша 9 ұпаймен турнир кестесінде ең соңғы орынға тұрақтаған "Астана" командасы қаржылық қолайсыздықтарға байланысты қатыса алмады. Сол себепті команданың ақтық турдағы барлық кездесуіне енді 0:3 есебімен жеңіліс жазылады. Қазір ел чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының қос командасы көш бастап келе жатыр. Турнир кестесіне көз жүгіртсек "Семей" - 74, "Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс" (Өскемен) - 63, "Тараз-ТарМУ" - 61, "ТНК Қазхром-2" (Хромтау) - 47, "Қорқыт-Ата ҚМУ" (Қызылорда) - 36, "ВСМК- Арселормиттал» ( Теміртау) - 35, «КинЭУ» (Қостанай) - 11 ұпай жинаған болатын. Кеше өскемендіктер қостанайлықтарды, тараздықтар терімтаулықтарды 3:0, ал хромтаулықтар қызылордалық құрдастарын 3:1 есебімен ұтып қоржындарына алғашқы ұпайларын салды.