Волейбол: Жоғары лиганың ерлер командалары арасында семейліктер көш бастап келе жатыр

Онда семейлік спортшылар бұл жолы ұпай қорын 56-дан 74-ке дейін ұлғайтып көшбасшылық тізгінді биыл ешкімге ұстатпайтынын тағы да дәлелдеді. Оны өкшелеп келе жатқан Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» командасы - 11, Тараздың «ТарМУ» командасы - 13, Хромтаудың «ТНК Қазхром-2» командасы - 27 ұпайға артта келе жатыр. Ал турнир кестесінің екінші жартысындағы командалар арасында 4-турда біршама өзгеріс болды. Атап айтқанда, Теміртаудың «ВСМК-Арселормитталы» мен «Астана» волейболшылары өз орнын Қызылорданың «Қорқыт-Ата КМУ» мен Қостанайдың «КинЭУ» командаларына босатты. Қазір өз қоржындарына «Қоркыт-Ата КМУ» - 36, «ВСМК- Арселормиттал» - 35, «КинЭУ» -1, «Астана» - 9 ұпай ғана жинап отыр. Ел чемпионатының келесі туры 14-20 сәуір күндері Таразда өтетін болады.