Бұл туралы бүгін Еуропалық волейбол конфедерациясынан мәлім етті.
Осылайша, Болгария мен Италия белді турнирді өз алаңында қабылдауда Финляндия мен Эстонияны басып озды. Чемпионат Болгарияның София, Пловдив және Варна қалаларында, Италияның - Катания және Мессина қалаларында өтеді. Еуропалық біріншіліктің финалы Софияда өтпек.
Айта кетейік, волейболдан әйелдер арасындағы Еуропа чемпионаты 2015 жылы Нидерланды мен Белгияда өтеді.