21 тамызға дейін созылатын бұл бәсекеде Бақытжан Байтөреевтің тәлімгерлері Польша, Доминикан және Қытай волейболшыларымен сайысқа түседі. Олар бүгін алғашқы ойынын Польша құрамасымен өткізуде. Бұл кездесу Қазақстан ұлттық телеарнасында түнгі 22:50-де трансляцияланатын болады. Енді ертең Қытай, ал арғы күні Доминикан спортшыларымен бақ сынамақ. Онда бас бапкер бұл жолы Яна Петренко, Ольга Наседкина, Кристина Трубина, Алена Омельченко, Коринна Ишимцева, Ирина Лукомская, Елена Эзау, Марина Стороженко, Радмила Береснева, Зарина Сейітқазинова, Ирина Шенбергер, Ольга Дробышевская, Наталья Кулинич мен Екатерина Акиловаға үміт артып отыр.
Жалпы қазіргі таңда 2 кезеңнің қорытындысы бойынша 16 команданың арасында Польша - 8, Қытай - 10, Доминикан - 14, Қазақстан - 15 орында келе жатыр. Қазақстандықтар бұл жолғы қарсыластарының ішінен бұған дейін 5-7 тамызда Қытайдың Луохе қаласында өткен Әлемдік гран-придің алғашқы кезеңінде қытайлықтармен кездесіп, 3:0 есебімен есе жіберген болатын.