Волейболдан әйелдер арасындағы чемпионаттың 4-турында бүгінгі 3 кездесуде де бірдей есептер тіркелді


Онда алдымен «Алматы» мен «Металлург АМТ» (Теміртау) спортшылары кездесті. Одан кейін «Қарағанды» мен «Шығыс-Қорғасын Құрылыс» (Өскемен) және Алматы мен Павлодар облыстарының «Жетісу» мен «Ертіс-Қазхромы» өзара жұп құрады. Жеңіске жеткен 3 команда да турнир кестесінде қарсыластарынан алда келе жатыр. Мәселен қазір «Жетісуда» - 60, «Астанада» - 42, «Ертіс-Қазхромда» - 38, «Қарағандыда - 31, «Алматыда» -26, «Металлург АМТ-да» - 13, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста» - 6 ұпай бар. Ертең енді жетісулықтар қарағандылықтармен, алматылықтар өскемендіктермен, ал астаналықтар павлодарлықтармен күш сынасады.