Волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары

Қазіргі таңда турнир кестесінде Алматы облысының «Жетісу» командасы көш бастап келе жатыр.

4 қазанда басталған бұл байрақты бәсекеде оларға Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромы» ғана айтарлықтай қарсылық көрсетті. Оларды 3:2 есебімен ұтқан жетісулықтар өзге 4 кездесуде қарсыластарына бірде-бір ұпай ұстатқан жоқ. Шілденің 7-сіне дейін турнир кестесінде көш бастап келген астаналықтар да лайықты қарсылас бола алмады.

Жетісулықтар бұған дейін Оралдың «Грация-KZ», «Қарағандының «Қарағанды», Теміртаудың «Металлург АМТ», Астананың «Астанасын» 3:0, Павлодардың «Ертіс Қазхромын» 3:2 етіп ұтқан болатын. Бүгін олар Алматының «Алматы»командасымен, ал ертең Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» волейболшыларымен шеберлік сынасады. Қарағандылықтарға 1:3, астаналықтарға 0:3 есебімен есе жіберген алматылықтар кеше өскемендіктерді (3:0) ойсырата ұтқан еді. Барлық кездесуде жеңіліс тапқан өсемендіктердің қоржынында қазір бірде-бір ұпай жоқ.