Волейболдан әйелдердің жоғары лига командалары арасында ел біріншілігінің 4-туры Орал қаласында өтеді


Үш турдан кейін Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылыс» командасы 51 ұпаймен көш бастап келеді. «Спартак АМТ» (Теміртау) 42 ұпаймен - екінші, «Иволга» (Қостанай) 40 ұпаймен - үшінші, «Алматы-ЦСКА» 35 ұпаймен - төртінші, «Грация KZ» (Орал) 34 ұпаймен - бесінші, «Қарағанды-2» 22 ұпаймен алтыншы орында келеді. Осы алты команда төртінші және бесінші турда 1-6 орындар үшін шеберліктерін таластырады. Қалған төрт команда 7-10 орындар үшін сынға түседі.