Аталмыш дәстүрлі спорттық шара биыл ел Тәуелсіздігінің мерейтойына және прокуратура органдары құрылуының 20 жылдығына арналып отыр.
Чемпионатқа өңірлік қағидамен жасақталған алты команда қатысуда. Олар - Бас прокуратура, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті, «Оңтүстік», «Орталық», «Батыс», «Шығыс» құрама командалары.