Бұл - чемпионаттың қорытынды туры. Төрт турдан кейін Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрт» командасы 71 ұпаймен жекедара көш бастап келеді. Оралдың «Жайық-Конденсаты» 58 ұпаймен екінші, Астананың «Ұшқын-Искрасы» 57 ұпаймен үшінші орында тұр. Бүгін шымкенттіктер «ЦСКА-Алматы» командасын сыннан өткізетін болса, төртінші орында келе жатқан Павлодардың «Ертісі» Петропавлдың «Есіл-Виктория» командасымен кездеседі. «Ұшқын» «Атырау-2-мен күш сынасса, алаң иелері «Жайық-Конденсат» Алматының «КазНАУ» командасымен шеберлік байқасады.
Бесінші тур 19 сәуірде мәреге жетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады.