Волейболдан ерлер арасында Қазақстан кубогының ширек финалын алматылықтар сәтті бастады

Кеше алғашқы ойында алматылықтардың қос командасының біреуі ұтылып, екіншісі жеңіске жетті. Атап айтқанда «Ұшқын-ҚазҰАУ» Хромтаудан келген («ТНК «ҚазХром») құрдастарына 0:3 есебімен есе жіберді. «Алматы» командасы «Тараз-ТарМУ»-ды дәл осындай есеппен қапы қалдырды. Өзге кездесулерде Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы» Шымкенттің «Динамо-Қазығұртынан» 2:3, ал «Атырау» «Есілден» (Қызылжар) 0:3 есебімен жеңіліс тапты. Бүгін динамошылар - атыраулықтармен, ұшқындықтар - шығыстықтармен, тараздықтар - есілдіктермен, алматылықтар қазхромдықтармен кездеседі.

«Темір дос» спорт кешенінде өтіп жатқан бұл жарыс 26 қазанға дейін созылады.