Волейболдан ерлер командалары арасындағы ҚР Президенті кубогында «Қазақстан-1» құрамасы

Олар Тунис құрамасын 3:0, «Қазақстан-2» құрамасы мен Қытайдың Бейжің қаласының «BAIC Motor» командасын 3:1 етіп ұтып, «Қазақстан-1» құрамасына ғана 0:3 есебімен жеңіліс тапты. Бірдей ұпай жинағанымен алғашқы ойында оларға 0:3 есебімен ұтылып, Бахрейн мен «Қазақстан-1» құрамаларын 3:1, «Қазақстан-2» құрамасын 3:0 есебімен жеңген тунистіктер екінші орныда тұр. Бұған дейін 6 ұпаймен көш бастап келген Геннадий Паршин жаттықтыратын «Қазақстан-1» ұлттық құрамасы кеше үшінші орынға түсіп қалды. Олар Бахрейн мен Таиланд спортшыларын (3:0) ойсырата жеңгенімен, «BAIC Motor» командасы мен Тунис волейболшыларына 3:1 есебімен жеңіліп қалды.

Бүгін енді ақтық кездесуде «Таиланд» пен «Бахрейн», «Тунис» пен «BAIC Motor», Қазақстан-2» мен «Қазақстан-1» өзара кездеседі. Кубог иегері көшбасшылар арасындағы ойында белгілі болады. Ал бұл сында қазақстандықтардың екінші орын алуға мүмкіндігі бар.