15 наурызда басталған бұл бәсеке ертең аяқталады. 4 кездесудің қорытындысы бойынша қазір Хромтаудың «ТНК Қазхром-2» командасы ғана жеңіліссіз келе жатыр. Олар өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс3») 3:0, қызылордалықтар («Қорқыт Ата -ҚМУ») мен тараздықтарды («Тараз-ТарМУ») 3:1, теміртаулықтарды («ВСМК-АрселорМиттал») 3:2 есебімен ұтты. Ертең енді соңғы ойынын қостанайлықтармен («КИиЭУ») өткізеді. Олар бұл турда барлық кездесуде қарсыласынан 0:3 есебімен ойсырай ұтылған болатын.