Волейболдан Қазақстан чемпионатының келесі туры Қызылордада өтеді

Облыстық туризм және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалованың сөзіне қарағанда, бұл турда Астана, Қостанай, Семей, Тараз, Өскемен, Қызылорда қалалары мен Қарағанды, Ақтөбе, облыстарынан келетін 8 команда қатысады. Олардың құрамында 112 спортшы ойнайды.

Бұған дейін біріншіліктің бірінші айналымы Тараз қаласында өтсе, екінші айналымы Өскемен қаласында өткізілген. Ал төртінші айналымы наурыз айында Қарағанды қаласында өтеді.