Оған ерлер арасында шет елден Бахрейн, Қытай, Таиланд және Тунис құрамалары қатыспақ. Онда ел намысын екі команда қорғағалы отыр. Бас бапкер Геннадий Паршин Ұлттық құрамаға Алматыдан Әсет Базарқұлов, Александр Стольников, Алексей Гутор, Антон Юдин, Виталий Мироненко, Дмитрий Горбатков, Нодирхан Кадирханов, Олег Веригин, Сергей Кузнецов пен Юрий Стуловке, Атыраудан Нариман Сүлейменовке, Оралдан («Конденсат») Виталий Вориводинге, Өскеменнен («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») Максим Мамедовке, Хромтаудан («ТНК Қазхром») Тасқын Шәріповке үміт артуда.
Ал «Қазақстан-2» командасының тізгінін ұстаған жастар құрамасының бас бапкері Олег Кузнецов «Алматыдан» Нариман Әубәкіров, Виталий Эрдштейн, Сергей Резановқа, «ҚазҰАУ-Ұшқыннан» (Алматы) Диас Әліпбаев пен Алмаз Исинге, «Атыраудан» Қайрат Байбековке, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыстан» Михаил Устиновке, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-3» (Өскемен) Александр Жуков пен Иван Веригинге, «Жайық-Конденсаттан» (Орал) Владимир Прокофьев пен Евгений Гофке, «ВСМК АрселорМитталдан» (Теміртау) Денис Чегодаевқа, «Есіл-Викториядан» (Қызылжар) Иван Бородайға, «Тараз-ТарМУ»-ден Бердияр Данияровқа сенім білдіріп отыр. Бұл жастар құрамасы үшін 27 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өтетін Азия чемпионаты қарсаңында үлкен сынақ болмақ.