Маусымның 11-і күні басталған бұл турнирде ел намысын Талдықорғанның "Жетісу" командасы қорғап жатыр. Нелли Щербакованың шәкірттері іріктеу кезеңінде "А" тобында сынға түсті. Олар алдымен Индонезияны (25:19, 25:15, 25:11), одан кейін Тайпей (25:12, 25:13, 25:17) мен Тайландты (25:16, 25:18, 30:28) 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бүгін командалар бір күн тынығып, ертең ширек финалдық кездесулерін өткізеді. Онда "жетісулықтар" Перудің жастар құрамасымен күш сынасады. Олар іріктеу кезеңінде алғашқы ойында Вьетнам спортшыларынан (0:3) ұтылып, ал екінші ойында үндістандықтардан (3:0) басым түскен болатын.