Оған Алматы ("Жетісу"), Павлодар ("Ертіс-Қазхром"), Қарағанды ("Қарағанды") облыстары мен Астана ("Астана"), Алматы ("Алматы"), Теміртау ("Металлург АМТ") қалаларының волейболшылары қатысады. Бұл ел біріншілігінде айналым жүйесі бойынша жарысқа командалары қатысатын қалаларда 6 тур өтеді. Былтырғы ел біріншілігі "Жетісу, "Алматы", "Ертіс-Қазхром" және "Астана" командалары арасында өткен болатын.