Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан жарыс қожайындары кеше Өскеменнің "Шығыс-Қорғасын Құрылыс" командасына 3:0 (25-22, 25-16, 25-22) есебімен ойсырай ұтылды. Бұған дейін алматылықтар "ТНК Қазхром" (Хромтау) мен "Атырауды" осындай есеппен тізе бүктірді. Ал үздік үштікті түйіндеп тұрған өскемендіктер Қызылжардың "Есілін" 3:1 есебімен ұтқанымен, Оралдың "Конденсатына" 0:3 боп ойсырай ұтылған болатын. Алғашқы 2 турдың қорытындысы бойынша көшбасшыдан 4 ұпай артта қалған хромтаулықтар "Атырау" ( 3:1) мен "Конденсатты" (3:0) ұтқанымен "Алматыға" (3:0) тағы да есе жіберді. Бүгін барлық командалар тынығып, жарысты ертең одан ары жалғастырады. Ал 3-турдың ақтық кездесулері 16 ақпанда өтеді.