Онда хромтаулықтар («ТНК Қазхром») - 11, алматылықтар - 10, атыраулықтар - 8, өскемендіктер («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») - 7, қызылжарлықтар («Есіл») - 5, оралдықтар («Конденсат») - 4 ұпай жинады. Соның нәтижесінде жалпы есепте «Алматы» 63 ұпаймен турнир кестесіндегі көшбасшылықты тағы да өз қолында сақтап қалды. Ал ұпай айырмашылығын 6 ұпайға дейін қысқарта алған «ТНК Қазхром» оны өкшелеп келе жатыр. Одан кейінгі орындарда «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (34 ұпай), «Атырау» (31 ұпай), «Есіл» (22 ұпай) мен «Конденсат» (18 ұпай) командалары тұр.