Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша өз қоржынына «Алматы» - 5, «Атырау», «ТНК Қазхром» (Хромтау) және «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) - 4, «Есіл» (Қызылжар) - 1 ұпай салса, «Конденсат» (Орал) бірде-бір ұпайға ие бола алмады.
Бүгін алматылықтар - өскемендік, хромтаулықтар - оралдық, атыраулықтар қызылжарлық волейболшылармен кездеседі. Чемпионаттың алғашқы 4 турында «Алматы» - 53, «ТНК Қазхром» - 46, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» - 27, «Атырау» - 23, «Есіл» - 17, «Конденсат» 14 ұпай жинаған еді. Турнир кестесінің екінші жартысындағылардан атыраулықтар ғана үшінші орын үшін өскемендіктермен таласуға мүмкіндігі бар. Ал алматылықтарды енді хромтаулықтардың қуып жетуі неғайбіл.