Онда алғашқы бестіктегі Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (51 ұпай), Теміртаудың «Спартак АМТ» (42 ұпай), Қостанайдың «Иволга» (40 ұпай), Алматының «Алматы-ЦСКА» (35 ұпай), Оралдың «Грация-KZ» (34 ұпай) волейболшылары екінші бестіктен тағы да қара үзіп кетті. Мәселен, Қарағанды облысының «Қарағанды-2» командасында - 22, Астананың «Астана-2» командасында - 20, Павлодардың «Қазхром» командасында - 19, Шымкенттің «Қазығұрт» командасында - 4, ал Алматы облысының «Жетісу-2» командасында - 3 ұпай ғана бар. Ел чемпионатының 4-тур ойындары 15-20 наурызда Оралда өтпек. Жалпы алдағы сындарда енді құрамына «Қарағанды-2» енген алғашқы алтылық 1-6 орындар, ал өзге 4 команда 7-10 орындар үшін таласатын болады.