Волейболдан Жоғарғы лиганың А тобындағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары аяқталды


9-15 қараша арасында өткен бұл додада Шымкент қаласының «ОҚМУ-Қазығұрт» 21 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. Олар 7 ойынның үшеуінде 3:0, төртеуінде 3:1 есебімен басым түсті. Ал шымкенттіктерге 3:0 есебімен ұтылып, өзге кездесуде мерейі үстем шыққан Астана қаласының "Ұшқын-Искра" командасы 17 ұпаймен 2-ші орында келе жатыр. Одан кейінгі сатыда қоржындарында 13 ұпайы бар Павлодар облысының «Ертіс» және Орал қаласының "Жайық-Конденсат" командалары жайғасқан. Ал турнир кестесіндегі 7-8 орындарды "Атырау-2" (2 ұпай) мен "ЦСКА-Алматы" (1 ұпай) волейболшылары түйіндеп тұр.