Бірінші турдан кейін Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрты» 21 ұпаймен көш бастаса, Астананың «Ұшқын-Искрасы» 17 ұпаймен екінші орынға жайғасқан болатын. Қоржынында 13 ұпайы бар оралдықтар Павлодар қаласында 4-10 желтоқсан аралығында өткізілетін екінші турда сәтті ойнаса, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуына мүмкіндіктері бар. Бұл топта барлығы сегіз команда өнер көрсетуде.
Қазір ел құрамасында ойнап жүрген Сана Жарлығасованы тәрбиелеп шығарған оралдық «Грация-KZ» әйелдердің жоғары лига командалары арасында ХІХ ҚР чемпионатына қатысуда. Мұнда бірінші турдан кейін Өскеменнің «Шығыс-СвинецСтрой» командасы 17 ұпаймен қара үзіп келе жатса, «Грация-KZ» 9 ұпаймен бесінші орында. Барлығы он команда өнер көрсетіп жатқан жоғары лигадағылар екінші турды Алматы қаласындағы О.Жарылғапов атындағы спорт кешенінде 3-8 желтоқсанда өткізеді.