Алғашқы 2 турдың қорытындысы бойынша Жоғарғы лигадағы 12 команда топтарға бөлінген болатын. Енді 24-28 ақпанда 1-6-ншы орындарды алғандар Алматыда, ал 7-12-нші орындарды иеленгендер Өскеменде күш сынаспақ.
Ертең Алматыда Қостанай қаласының «Қостанай» мен Қарағанды облысының «Қарағанды-2», Теміртау қаласының «Спартак АМТ» мен Алматы қаласының «Алматиночка» және Оралдың «Грация» мен Павлодардың «Қазхромы» кездеседі. Ал Өскеменде Астананың «Астана-2» мен Талдықорғанның «Жетісу-2», Алматының «ҚазЭУ» мен «ЦСКА-ВКС» және Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен Шымкенттің «Қазығұрт» командалары өзара сайысқа түседі.