Алғашқы 3 турдың қорытындысы бойынша 4 турдан бастап турнир кестесіндегі алғашқы 6 команда 1-6-ыншы, ал өзге 4 команда 7-10-орындарды сарапқа салуда.
Бұған дейінгі 4 турдың қорытындысы бойынша 66 ұпаймен Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» командасы көш бастап тұр. Оны өкшелеп келе жатқан Теміртаудың «Спартак АМТ» қоржынында - 52, ал Қостанайдың «Иволгасында» - 49 ұпай бар. Одан кейінгі орында жүлделі орындардан әлі үмітін үзе қоймаған Оралдың «Грация-KZ»( 41 ұпай), Алматының «Алматы-ЦСКА» (38 ұпай) және Қарағанды облысының «Қарағанды-2» (23 ұпай) командалары келе жатыр. Ал турнир кестесінің екінші бөлігінде Астананың «Астана-2» ( 38 ұпай), Павлодардың «Қазхром» (31 ұпай), Шымкенттің "Қазығұрт» ( 7 ұпай) және Алматы облысының "Жетысу-2" ( 6 ұпай) командалары тұр.