Бұған дейін алғашқы үш күнде барлық кездесулер 3:0 есебімен аяқталған болатын. Кеше бес кездесудің төртеуінде 3:1, ал біреуінде 3:0 есебі тіркелді. Онда жеңіліссіз келе жатқан Қостанайдың «Иволгасы» Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», ал теміртаулық «Спартак АМТ» қарағандылықтарға (Қарағанды-2) 1:3 есебімен есе жіберді. Өз шеберліктерін бұл жолы тағы дәлелдеген алматылықтар (ЦСКА-Алматы) «Жетісу-2» волейболшыларын (3:0) ойсырата ұтты.