Волейболдан Жоғары лиганың әйелдер командалары арасында теміртаулықтар ел чемпионы атанды

Онда негізгі қарсыласынан 20 ұпайға дейін ұзап кеткен Теміртаудың «Спартак АМТ» командасы ел чемпионы атанды. 25 ұпай жинаған қостанайлықтар күміс, ал олардан 2 ұпайға қалып қойған оралдықтар («Грация») қола жүлдені иеленді.Одан кейінгі орындарды Павлодардың «Қазхром» (21 ұпай), Қарағандының «Қарағанды-2» (17 ұпай) және Алматының «Алматиночка» (4 ұпай) командалары өзара бөлісті.

Ақтық турда алматылықтар ғана қоржынына бірде-бір ұпай қоса алмады. 4 турдың қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жинап қатар келе жатқан «Қостанай» мен «Грация» командалары арасындағы негізгі сайыста оралдықтар бәсекелестеріне 0:3 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдеден біржола үмітін үзді. Үздіктердің сайысынан тыс қалған өзге командалар да турнир кестесіне еш өзгеріс енгізе алмады.