Жарыс қожайындары "Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2" 32 ұпаймен екінші, ал тараздық "Тараз-ТарМУ" 30 ұпаймен үшінші орын алды. Ал турнир кестесіндегі 8-орынды 2 ұпаймен Қостанайдың "КИнЭУ" командасы түйіндеді. Алғашқы турда олар бірде-бір ұпай ала алмаған еді. Таразда өткен бұл сында "Тараз-ТарМУ" 19 ұпаймен үздік шықса, "Семей" (18 ұпай) мен "Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2" (15 ұпай) 2-3 орынды бөліскен болатын.
Бұл жолы өткенде 4-орын алған "Қызылорданың «Қорқыт-Ата КМ" мен 6-шы орын алған Хромтаудың "ТНК Қазхром-2" командалары өз орындарын ауыстырса, теміртаудың "ВСМК АрселорМитталі" (5 орын), астаналық "Астана" (7 орын), қостанайлық "КинЭУ (8 орын) командалары өз көрсеткіштерін жақсарта алмады.