Волгоградта троллейбуста іске қосылған жарылғыш заттың қуаты 4 кг тротилді құрайды – РФ Тергеу комитеті

деп  бүгін РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин мәлімдеді.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жарылғыш заттың қуаты 4 кг жуық тротилді құрайды. Оның құрамы темір жол вокзалындағы жарылғыш заттың құрамымен бірдей», - деді В.Маркин.

Оның айтуынша, дүйсенбі күні троллейбусты жару және Волгоградта вокзалдағы жарылыс екеуінің құрамы бірдей.