Өйткені 50-ден асқан адамдардың вирус жұқтыру мүмкіндігі жоғары. Сондықтан аналарымыз бен жақындарымызға қамқор болу мақсатында осындай челлендж бастап отырмыз, - деді ол.
Волонтерлар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға қатысты сауалға жауап берген ұйым төрағасы олардың инфекцияны нақты қай кезде жұқтырғанын айту екенін екенін жеткізді.
Еріктілер қызметі барысында барлық санитарлық нормалар мұқият сақталды. Бірақ сонда да дос-таныстарымыз арасында коронавирус инфекциясын жұқтырып алған фактілер бар. Бірақ олар инфекцияны ерікті қызметін көрсету кезінде жұқтырды ма, әлде басқа кезде ме, бұл жағын айту қиын. Сол себепті ол адам волонтер болып жүрген кезінде вирус жұқтырды деп айта алмаймыз. Әйтсе де, волонтерлердің шынымен де вирус жұқтырғаны расталған, - деді ол.